Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай кездесу өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және елорданың мерейтойымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, орталық мемлекеттік органдардың басшылары және Астана қаласының әкімі құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты жағдайда тапсырылды. Шараға қатысушылар Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тіледі.