25 қаң, 2021 сағат 15:06

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар жайында ақпарат берілді.