30 қар, 2020 сағат 10:00

«Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетел мемлекеттердегі Елбасының пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елордада «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» халықаралық конференциясы өтті. Шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

Кездесу аралас форматта өтті. Қазақстандық сарапшылармен әртүрлі жылдары әлемдік державалардың мемлекеттері мен үкіметтерін басқарған, халықаралық ұйымдарда жоғары лауазымдарды атқарған және атқарып жүрген белгілі саясаткерлер шет мемлекеттерден байланысқа шықты. Олардың барлығы бір кездері Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз жұмыс істеді және ең өршіл идеяларды жүзеге асырудың куәгері болды.

«Жаһандық ауқымдағы саясаткер» - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Он делает историю» атты кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюындағы көрнекті рөлін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевты осылай атайды.

Қатысушылар өз сөздерінде Тұңғыш Президенттің Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудағы және ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде елдің даму басымдықтарын айқындаудағы рөлі мен маңызын атап өтті. Спикерлердің айтуынша, тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім ішінде Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа негізделген табысты мемлекет құрып қана қоймай, жаһандық қауіпсіздік пен даму саласында бірқатар серпінді бастамалар көтерді. Халықаралық конференцияға қатысушылар сондай-ақ Елбасының Қазақстанның халықаралық байланыстарын жолға қою, көпвекторлы сыртқы саясаттың стратегиялық бағытын құру жөніндегі күш-жігері мен жетістіктерін, сыртқы саяси бастамаларды, олардың іске асырылу барысы мен қорытындыларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту, бейбітшілік пен келісімнің, жастықтың, сұлулықтың, креативтіліктің символына айналған Қазақстанның қазіргі заманғы астанасын Еуразия орталығында салу жөніндегі жасампаз миссиясына ерекше назар аударылды.