01 ақп, 2020 сағат 12:27

Нұрсұлтан Назарбаев РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Михаил Мишустинді жауапты және маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

– Сіз бұл қызметке өте қиын кезеңде келіп отырсыз. Қазір жағдай оңай емес. Жаңа лауазымда сіздің мол тәжірибеңіз пайдалы болады деп сенемін. Кеше Алматыда цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқыладыңыздар, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Ресей Федерациясымен тату көршілік қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

– Мен жұмыс істеген жылдардың бәрінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тырыстым. Бүгінгі таңда біздің байланыстарымыз үлгі етуге тұрарлық деп есептеймін. Алдағы уақытта да осылай болғанын қалаймын, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.