02 қаз, 2020 сағат 08:28

Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты.

Бұл туралы Елбасының Instagram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды», - делінген хабарламада.