ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тестінің қорытындысы бойынша індет анықталған жоқ. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», - деп жазды А.Үкібай Twitter-де.