04 жел, 2019 сағат 15:33

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасы кәсіпкердің Жамбыл облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым құрылысына белсене қатысқанын атап өтті.

Өз кезегінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Сайрамбай Дөненбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ауылдар мен ауыл жастарының дамуына көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.