09 мау, 2017 сағат 12:15

Нұрсұлтан Назарбаев Иранның Сыртқы істер министрімен кездесті

Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад-Джавад Зарифпен кездесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министріне Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Х.Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.   

– Мені ислам әлемінде орын алып отырған қарама-қайшылықтар қатты алаңдатады. Өзара түсіністік пен сенім тезірек орнайды деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

– Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Сіздің және Иран Президентінің өзара сапарларыңыздың арқасында олар қарқынды дамуда, – деді М.Зариф.   

Сондай-ақ, М.Зариф Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.