"Аса ауыр салмақта белдесетін қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрмахан Тінәлиев алғашқы белдесуінде неміс балуаны Эдуард Попқа есе жіберді", деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алғашқы үш минутта жерлесіміз қарсыласынан 1:0 есебімен жеңілді. Ал екінші кезеңде есеп ашылмады. Нәтижесінде Нұрмахан екінші айналымға өте алмады.
Айта кетейік, егер германиялық балуан финалған өтсе, Нұрмахан Тыналиев қола жүлде үшін күресе алады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Алмат Кебісбаев (59 келі) пен Досжан Кәртіков (75 келі) жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Ұлт порталы