Ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы UFC чемпионы үшін жекпе-жек жанкүйерлердің жаппай төбелесімен аяқталды. Оқиға салмақ өлшеу рәсімінде болған, деп жазады Sputnik.
Төбелестен кешкі көйлек киіп алған әйелдер де қалыс қалмаған. Бір-бірінің шашына жармасқан әйелдерді ер адамдар ажыратып алды.
Еске сала кетейік, UFC чемпионы титулы үшін өткен кездесуде Макгрегор жеңілді. Жекпе-жектен кейін залда Нурмагомедовтың бастауымен жаппай төбелес болды.