16 қыр, 2022 сағат 15:45

Нурмагомедов Головкинге сәттілік тіледі


Белгілі файтер Хабиб Нурмагомедов отандасымыз Геннадий Головкинге жекпе-жек алдында қолдау білдіріп, сәттілік тіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов бұл туралы Instagram Stories-інде жариялады. 

"Сәттілік, Гена! Жанкүйерлерің үшін қолдан келгенді көрсет", - делінген жазбасында.