18 қаң, 2019 сағат 10:49

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Депутаттар қарауына Елбасы бастамашы болған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы ілеспе түзетулерімен ұсынылмақ.  

Сонымен қатар, осы күні Мәжіліс баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң  жобасын  екінші оқылымда қарамақ.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы елімізге мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарау көзделген.

Бұдан басқа, Бюро отырысында 2019 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының төртінші кеңесін дайындау және өткізу туралы мәселелер қаралды.