Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжілісте алдағы жалпы отырыста қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Атап айтқанда, Палатаға құқықтық салаға қатысты Қазақстан мен Иордан, сондай-ақ, бірқатар келісімдерімен ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды.
Осылардың қатарында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, адамдарды ұстап беру, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы құжаттар бар. Аталған келісімнің мақсаттарын іске асыру жөніндегі Қазақстандағы орталық мемлекеттік орган - Бас Прокуратура.