Сурет: ҚР Үкіметі
Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Биыл мамырда Ноғаевты Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатылған еді. Бұл қызметте осыған дейін болған Асқар Тәжібаев босатылғаны хабарланып отыр.
Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Әбдіраимов Қазақстанның Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.