13 жел, 2022 сағат 13:27

Нұргүл Мауберлинова вице-министр қызметінен босатылды


Нұргүл Мауберлинова ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова берген өтініші бойынша ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қарашасында Қарағанды облысында дүниеге келген. Саранның Абай атындағы педагогикалық училищесін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2006-2008 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Электрондық БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, бас сарапшысы, бөлім бастығы.

2008-2012 жылдары - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары - ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2020 жылдары - ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

2022 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған.