Ruh.kz порталы қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған күй шерту эстафетасын бастайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.
«Эстафетаны халықаралық конкурстардың лауреаты Сайырхан Ертіс бастады. Ол эстафетаны Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Мұрагер Сауранбаев, Бағылан Абдрайымов, Ердос Қанаев және халықаралық конкурстардың лауреаты Жәнібек Қазбекұлына жолдайды», делінген хабарламада.
Назарларыңызда Сайырхан Ертістің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Жекпе-жек» ұсынамыз.