16 мау, 2021 сағат 18:45

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ елорда әуежайына қайта оралды


Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ елорда әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы КС7056 рейсінде орын алған. 

«Ұшақ сағат 14:34-те ұшып кетіп, техникалық себептерге байланысты қайтып оралды. Әуе кемесін ауыстыру жүргізіледі», - деді әуежайдың баспасөз қызметінен. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған бағытта ұшақтың ұшып кетуі сағат 23:40-қа жоспарланып отыр

Ал Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратта Fly Arystan әуе компаниясының Airbus A32 үлгідегі ұшағының бүгін кешігетіндігі көрсетілген.