01 қаз, 2021 сағат 16:44

Нұр-Сұлтанда ойын-сауық орындарынан ақша бопсалаған мониторинг тобының «өкілі» ұсталды


Өзін пандемиямен күрес жөніндегі мониторинг тобының өкілі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Telegram каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының жалдамалы қызметкерін әшкереледі. Ол өзін мониторинг тобының мүшесі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін олардың карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату мүмкіндігі мен өкілеттігі бар екенін айтып, жаңылыстырған», - деп жазылған ресми мәліметте.

Агенттіктің мәліметі бойынша, күдіктіге сенген ойын-сауық орындарының өкілдері ай сайын күдіктіге жалпы қамқорлығы үшін және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқаны үшін ақшалай қаражат төлеген. 

«Бұл іске өзге лауазымды тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. Күдікті қамауға алынды және сот оның үсітнен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау санкциясын қабылдады», - деп жазады агенттіктің Telegram-каналында.