Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 жаңа науқас тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай - Нұр-Сұлтанда, 11 факті - Алматыда тіркелген.
Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 13 адам болғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.