15 нау, 2021 сағат 09:00

Нұр-Сұлтанда қоғамдық бірлестіктердің мәселесі қаралды

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні қарсаңында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері марапатталды, ­- деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Осы айтулы датаға орай, ҚР Сауда және интеграция министрлігінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Марапаттауға қатысқан бірлестіктерге тұтыну құқықтарын қорғау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградалар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары, 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» заңы қабылданды. Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы», «Қазақстанның социалистік партиясы», «Қазақстанның республикалық партиясы» және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды. Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады.

Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаевтың айтуынша, өткен жылы ведомствоға 30 мыңға жуық азамат жүгінген. Министрлік 10000-ға жуық адамның бұзылған тұтынушылық құқықтарын қалпына келтіруге көмектесіп, шамамен 10000 азаматқа заңнама нормалары бойынша түсініктеме берілген.

«Қабылданған шаралар қазақстандықтарға 249 млн теңгені қайтаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ол үкіметтік емес сектордың тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы маңызды рөлі. Қазіргі уақытта өкілетті орган тарапынан қоғамдық бірлестіктермен тығыз өзара іс-қимыл орнату бойынша шаралар қабылданып жатыр», - деді Ержан Қазанбаев.

Айта кетейік, елімізде осы салада 50-ден астам қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, министрліктер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді қосу бойынша жұмыс жүргізіліп отыр.

Ержан Қазанбаев аталған ұйымдар өкілдерін Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнімен құттықтап, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты іс-шарада олардың тұтынушылық құқықтары мен азаматтардың әл-ауқатын қорғау жөніндегі күнделікті практикадағы қажырлы, адал жұмысы атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні қарсаңында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері марапатталды. Осы айтулы датаға орай, ҚР Сауда және интеграция министрлігінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Марапаттауға қатысқан бірлестіктерге тұтыну құқықтарын қорғау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградалар табысталды.