Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге ескерту жасады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Тұрғындарды автокөліктерін жол жиегіне қоймауды сұраймыз. Жол жиегіне қойылған көлік қар тазалайтын техниканың жұмысына кедергі келтіреді» делінген департамент хабарламасында.
Белгіленбеген орындарға қойылған көлік құралдары эвакуаторлардың көмегімен айыппұл тұрағына жеткізілмек.
«Жүргізушілер жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауына, жол белгілерінің нұсқамаларын орындауына және шұғыл әрекеттер жасамауына, қыс мезгілінде тозған және «жазғы» резеңкеде жүрмеуіне ерекше назар аударулары қажет» деді ведомстводан.
Бір тәулік ішінде елорда жолдарында 70-тен астам жол көлік оқиғалары тіркелген, 1 адам дене жарақатын алған.