07 қыр, 2021 сағат 22:05

Нұр-Сұлтанда автобуста болған ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған


Елордада автобуста орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген видеодан ұрлық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Жолаушы артқы есіктен кіріп, орындықтардың арасына қағаз пакетін қойған. Біраз уақыттан кейін күдікті автобусқа кіріп, пакетті байқаған. 

Жолаушының назары басқа нәрседе болғанын пайдаланып, ол пакетті ұрлап, автобустан шығып кеткен. 

Ұрланған заттардың арасында - 7 мың теңге көлемінде ақша, пәтердің кілті мен құлаққап кейсі бар. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында 31 жастағы күдікті ұсталды, ол өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.