Нұр-Сұлтан полициясы бес жыл бұрынғы адам өліміне қатысты күдікті ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Көкшетау қаласында арнайы операция барысында кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті 2017 жылдың тамызында базарлардың бірінің маңында жекеменшік Daewoo Nexia таксиін Лесозавод ауданына (Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын алабы - еск.) жалдаған.
Көрсетілген жерге жеткенде жүргізуші мен жолаушы жол ақысына келіспей қалған. Такси жүргізушісі жол ақысын мың теңгеге бағалаған. Кикілжің кезінде жолаушы пышағын алып, жүргізушіге 17 рет сұққан. Ол сол жерде қаза болды. Кісі өлтіргеннен кейін қылмыскер ізін жасырмақ болып, көлікте қалған саусақ іздерін мұқият сүрткен", - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті қылмыс орнынан бой тасалап, бірнеше күннен кейін көршілес республикалардың біріне кеткен.