28 ақп, 2022 сағат 18:00

«Nur Otan» съезінің күн тәртібі жарияланды


«Nur Otan» партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның кезектен тыс съезінің күн тәртібін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін саяси кеңес қаулысы бойынша, съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:

1. Партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

2. Nur Otan партиясының модернизациясы", ​​- деп жазды Оралов.

Сондай-ақ, Оралов Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев съезге онлайн форматта қосылатынын жазды. Жиынға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.