17 там, 2020 сағат 07:25

Nur Otan партиясының праймеризі басталды

Бүгін, яғни 17 тамыз күні Nur Otan партиясы праймеризіне іріктеу басталды. 

Праймеризге қатысуға Қазақстан бойынша 16897 қызығушылық танытқан.

5 шілде мен 11 тамыз аралығында партияның қоғамдық қабылдауына праймеризге қатысты 16 894 сұрақ келіп түскен.

Партияның өңірлік филиалдары бойынша Түркістан (1494), Қарағанды о (1475), Алматы облысындарында (1424) көп сұрақ тіркелген.

Негізгі сұрақтар 8276 (49%) праймериздің мақсат-міндеті туралы болса, 4134 сұрақ (24,4%) кандидаттарды тіркеу бойынша қойылған. Ал, 1114 сұрақ (6,7%) дауыс беру тәртібі турасында жолданған екен.

Сондай-ақ оның ішінде орталық аппаратқа 162 сұрақ әлеуметтік желі арқылы (WhatsApp – 97, Call-центр – 58, Instagram – 7) түскен. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласынан (65), Алматы (37), Павлодар (11), Қарағанды (7), Шығыс Қазақстан (5), Қызылорда (5), Ақтөбе (4), Маңғыстау (3), Түркістан (3), Батыс Қазақстан облыстары (2), сондай-ақ Жамбыл және Ақтөбе облыстарынан бір-бірден сұрақ келген.

Айта кетсек, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып 28 тамызға дейін жалғасады. Үміткерлердің үгіт жұмыстарына дайындалуы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді.

Праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу.

Негізгі мақсат – Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.