«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды, деп "Ұлт ақпарат".
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі барысында партияның Саяси кеңес бюросына мүшелікке Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тажин, Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Сенат депутаты Дариға Назарбаева, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, партия мүшесі Александр Павлов ұсынылды.
Саяси кеңес мүшелерінің дауыс беруімен аталған азаматтардың барлық бюроға мүше болып сайланды.