09 там, 2021 сағат 16:41

"Nur Otan – 2014 жылдан бері қаржы есебін жариялап келе жатқан бірден бір саяси партия" - саясаттанушы



Саяси партия үш маңызды сұраққа жауап беруі тиіс. Біріншіден, партияның сауатты мамандары болуы қажет. Екіншісі осы мамандарды ұстап тұрар қаржылық ахуалы жеткілікті болуы тиіс. Соңғысы - мемлекетті басқарудағы тәжірибесі болуы керек. «Құр айқайлап жүрген, бірақ аталған үш құндылығы қалыптаспаған партия не қозғалысқа мемлекеттің тізгінін сеніп тапсырудың өзі қауіпті», - дейді саясаттанушы, қоғам белсендісі Бауыржан Серікбаев. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

 

«Бүгін «Nur Otan» партиясы 2020 жылдың қаржылық есебін жариялады. Бұл үрдіс 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Айта кету керек «Nur Otan» өзінің қаржылық есебін тұрақты жариялап, ашықтық приницпін ұстанып келе жатқан еліміздегі бірден бір саяси партия. Өзге саяси партиялардан мұндай кең көлемді ашықтықты көре алмаймыз. Халық та естімейді», - деп жазады саясаттанушы. 


Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясының барлық аудан, облыс, қалаларда 250-ге жуық филиалдары бар. 3 мыңға тарта маман жұмыс істейді. Бұл 3 мың отбасы жалақы алып отыр деген сөз. Пандемия кезінде партия 2,2 млн азаматқа немесе 650 мың отбасына көмектескен. 


«Праймериз кезінде «Nur Otan» партиясы жаңа кадрлармен толықты. Бұрын сын айтып жүрген талай ел азаматтары депутат болды. Әкім болды. Енді нәтиже көрсетіп, нақты іспен дәлелдеу де өз қолдарында. Мен түсінбейтін бір дүние өзге партиялар праймериз өткізіп мұндай ашық қадамға бармайды. Тасада жүреді. Белсенді емес. Әрине мұндай ірі істерді атқармағаннан кейін де сүттен ақ, судан таза болады. Себебі жауапкершілік жоқ. Сұрайтын дүние жоқ», - деп пікірін білдірді сарапшы.