Жаңа жыл мерекесінің құрметіне орай, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында «Нұр Әлем» сферасы өз келушілерін сағат 10:00-21:00 аралығында күтеді. Бұл мереке күндері елорда тұрғындары мен қонақтары билеттерді 50% жеңілдікпен сатып ала алады.
Келушілер қызықты интерактивті қондырғыларды, болашақтың технологияларын, ғарыштық өнертабыстарды және т.б. тамашалау мүмкіндігіне ие болмақ.
Сонымен қатар, "Нұр Әлем" қонақтарды жаңа экспонаттармен қуантады. Жиырмадан астам экспозиция баламалы энергия көздері саласындағы заманауи жасыл технологиялар мен инновациялық әзірлемелердің үлгілері саналатын «Үздік тәжірибе аймағы» және Тақырыптық павильондардан көшірілген. Олардың арасында: «Әлем және энергия» кинетикалық мүсіні – біріктірілген әсерлері бар таңғаларлық жарқын шоу, «Ақылды қала» жарық LED көрінісі, Solar Impulse моделі – күн энергиясы қуатымен ұшатын ұшақ.
ҰОС қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы аналарға және 6 жасқа дейінгі балаларға Сфераға кіру тегін.
Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО көрме кешенінің аумағында мұз айдыны ашылды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін конькилерді жалға беру, автокөлік иелері үшін жер асты паркингі және сақтау камералары қарастырылған. Мұз айдынының жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.