30 қаз, 2020 сағат 12:51

Норвегия парламентінің өкілі допингті қылмыстық іс қатарына қосуды ұсынды

Норвегия парламентіндегі басқарушы консервативтік партия өкілі Петер Фрёлих спортта допинг қолдануды экономикалық қылмысқа жатқызып, заңсыз препараттарды қолданғаны үшін сотталған спортшыларға берілген сыйақыны қайтарып алу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз допингті экономикалық қылмыс деп есептейміз», - деп түсіндірді ол Nationen газетіне берген сұхбатында. 

Осылайша, Норвегияның қылмыстық ісіне допинг қосылуы мүмкін. Бұған 2019 жылы Аустрияда шаңғы жарысынан болған әлем чемпионаты кезіндегі дау-дамай себеп болды. Сол кезде бірнеше спортшы допингімен ұсталған. 

«Норвегияның полицейлері аустриялық әріптестері секілді әрекетке бара алуы үшін заңға өзгеріс қажет, біз қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деп түсіндірді депутат. 

Норвегия заңнамасы Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) ережелеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.