05 шіл, 2020 сағат 10:18

Nomad Stunts каскадері пневмониядан көз жұмды

Алматыда белгілі актер, Nomad Stunts каскадері Мұрат Мұқашев қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл ақпаратты актер Ерден Телемісов Facebook парақшасында жариялады.

«Сене алар емеспін... Бүгін түнде бауырымыз Мұрат Мұқашев дүниеден өтті. Ол 1 аптадай ауырды. Соңғы 3 күнде қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындады. Пневмония. Кеше таңертең ауруханаға алып кеткен. Бүгін таңғы 7-де қаралы хабар естідік....», - деп жазды Е.Телемісов.

Е.Телемісов жаназаға келмеуге шақырды.

Мұрат Мұқашев 1968 жылы Алматыда туған. Индустриалды техникумды тәмамдаған. М.Мұқашев «Мой дом на зеленых холмах» (СССР, 1985), «Омпа» (1998), «Обратная сторона» (2009), «Кто Вы, господин Ка?» (2010), «Айша» (2011), «Марко Поло» (США, 2014), «Весь мир у наших ног» (2015) и «McMafia» (США, 2017) фильмдерінде ойнаған.