Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «Болашақ энергиясы» форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаһандық шараға белгілі саясаткерлер, аты әлемге әйгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысады. Іс-шара 29 маусым күні ашылып, көрме аяқталғанға дейін жалғасады.
Форум жаһандық энергетикалық мәселелер мен сын-қатерлерге арналған 12 тақырыптық бағыт бойынша өтеді.
Қорытынды топтама 4-5 қыркүйек күндері өтеді. Форумның соңында «ЭКСПО-2017 қағидалар мен құндылықтар манифесі» атты қорытынды құжаты қабылданады.