14 қаз, 2016 сағат 11:54

Н.Назарбаев Таиланд халқына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Прают Чан-Очаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Таиланд королінің қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Король Адульядетті парасатты басшы, мемлекеттеріміз арасында достық қатынастар орнауына және нығаюына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлға ретінде қазақстандықтар әрдайым есте сақтайды», – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, өзінің және Қазақстан халқының атынан Прают Чан-Очаға, корольдің отбасы мүшелеріне және барша Таиланд халқына көңіл айтты.