03 қар, 2019 сағат 14:05

Нижат Рахимов халықаралық турнирде алтын медаль алды

Беларусьте өтіп жатқан «Alexander Cup» халықаралық турнирінде Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов «алтын» алды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь Республикасының Гродно қаласында 1-5 қараша аралығында өтіп жатқан жарыс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шарасы саналады. Оған 300-ге жуық спортшы қатысуда.

«Бүгін 81 кг дейінгі салмақта жарысқа шыққан Нижат Рахимов Қазақстан қоржынына екінші «алтынды» салды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Қос сайыс нәтижесінде ол 344 келіні (151+193) бағындырды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бірінші алтын медальді Екатерина Быкова жеңіп алған еді.

Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын.

Қазақстан намысын қорғауға келесі атлеттер аттанғанын жазғанбыз:

Нижат Рахимов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде,

Денис Уланов - 81 келіге дейін,

Игорь Сон - 55 келіге дейін,

Зүлфия Чиншанло - 55 келіге дейін,

Екатерина Быкова – 71 келіге дейінгі салмақ санатында.