Франция соты елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиді сыбайлас жемқорлыққа және судьяға пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, бірақ оның екеуін шартты түрде өтейтін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ВВС-ге сілтеме жасап.
Саркози айыптауларды жоққа шығарды және бұл «саяси оппоненттердің қудалауы» деп санайды.
Істе Саркозиден бөлек екі айыпталушы бар. Олар – экс-президенттің досы әрі адвокаты Тьерри Эрцог пен кассациялық соттың бұрынғы прокуроры Жильбер Азибер. Үшеуіне де айып 2014 жылы тағылған. Сот процесі былтыр қарашада басталған.
Францияның заманауи тарихында алғаш рет бұрынғы президент сотқа тартылып, айыпты танылып отыр.
Саркозиге қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұрынғы президенттен Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафиден заңсыз ақша алды деп күдіктеніп отыр.
Сонымен қатар Францияның қаржы жөніндегі ұлттық прокуратурасы ресейлік сақтандыру компаниясымен жасасқан келісім жөнінде Саркозиге қатысты алдын ала тергеу жүргізіп отыр. 3 миллион долларлық келісім "Ресо-Гарантия" сақтандыру компаниясымен Саркози президенттігі кезінде жасалған. Іс "ықпалды саудалау" және қаржы ізін жасыру күдігі бойынша тергеліп отыр.
Осы уақытқа дейін Франция президенттерінің біреуі ғана өкілеттігі аяқталғаннан кейін бір рет сотталды, бірақ оның өзінде ол түрмеде отырған емес.
Тергеушілер алдымен - 2007 және 2012 жылдардағы екі сайлау науқанын қаржыландыруды мұқият тексерді. Саркозиге қарсы басқа да айыптар тағылды, олар: сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын асыра пайдалану.
Айыптау Саркози мен оның адвокаты Тиерри Эрзогтың телефон арқылы сөйлескен жазбаларына негізделген, ол экс-президентпен бірге айыпталды.
Сот ісінің тізбегі мұнымен бітпейді. Жаңа сот процесі наурызға жоспарланған, онда Саркози мен оның 13 серіктесі 2012 жылғы сайлау науқанын заңсыз қаржыландырды деген айыптауға жауап беруі керек.
Саркози алаяқтыққа қатысы бар деп күдікке ілінуде, ол сайлау науқаны шығындарын заңмен белгіленген лимитінен екі есе асырған деп айыпталуда.