09 жел, 2020 сағат 11:02

Нидерландыда рождестволық кешкі асқа шектеу қойылды

Нидерландыда бүнгінгі таңдағы коронавирустың таралу көрсеткішіне қарап елде Әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережесі жеңілдетіледі деу қиын. Бұл туралы сейсенбі күні баспасөзге Нидерландының премьер-министрі Марк Рютте мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Біз барлығы басқаша болғанын қалап, коронавирусқа қатысты жағдайдың жақсаратынына үміттендік. Одан да көп нәрсе жасай алатынымызға сендік, бірақ қолымыздан бәрі келмейді. Шындығына келсек, бүгінде таңдау алдында тұрмыз: біздің ережелеріміздің сандарды азайтқанын, немесе мәліметтердің өскенін бақылап отыру. Соңғы жағдайда, мен локдаунның қатаң шараларын қайта енгізу қажеттілігі туындайтынын жоққа шығармаймын" дейді ол.

Қазіргі нормалар бойынша, нидерландықтар рождестволық кешкі асқа шақырған қонақ саны үш адамнан аспауы және олардың жасы 13-тен жоғары болуы керек. Бұдан басқа, мектеп каникулдарын созу шаралары қарастырылып отыр. 

 

Желтоқсанның бірінші аптасында Нидерландыда коронавирусқа шалдығу оқиғаларының саны 27 пайыз өскен. 

 

Қарқынды терапия бөлімдеріне түскендер саны екі есе өсті. 

 

М.Рютте тұрғындарды рождестволық каникулды үйде өткізіп, карантин ережелерін сақтауға, анализ тапсырып отыруға шақырды. 

«2021 жылғы қаңтардың ортасына қарай жағдайдың жақсаруын көруге тырысайықшы», - деді Нидерланды елінің премьер-министрі. Ол пандемия бойынша статистиканың бүкіл Еуропа бойынша нашар екенін хабарлады.