The New York Times танымал америкалық басылымында 19 жастағы қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы мақала шықты. Оның әнші Saint Jhn-ның Roses әніне жасаған ремиксі әлемдегі музыкалық чаттарда топ жарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
The New York Times мақаласында Қазақстанның Ақсу қаласында ата-анасымен бірге тұратын Иманбек Зейкенов туралы айтылған.
Иманбектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы туристік агенттікте жұмыс істейді. Ол өнерлі отбасында өскенін айтқан. Иманбек жергілікті диджейлер мен продюсерлерден үйреніп, алғашқы трегін YouTube-тағы видеосабаққа қарап жасаған.
Иманбек өткен жылдың желтоқсанына дейін жергілікті теміржол стансасында жұмыс істеген. Бірақ, 2019 жылы жазда гайан-америкалық рэп орындаушы және әнші Saint Jhn-нің «Roses» атты әнін тауып алғанда бәрі өзгерген.
Айта кетейік, ол кезде ән үш жыл бойы желіде тараған. Иманбек тректің кейбір кемшіл тұстарын қалпына келтіріп, ремиксін ресейлік әлеуметтік желілердің біріне салған. Бірнеше айдан кейін ол поп-жұлдызға айналды.
«Мен заңсыз ремикс жасадым», - деді Иманбек аударма қызметі арқылы Zoom бағдарламасында.
«Мен ремиксімді қалай таратарымды білмедім. Сондықтан оны желіге салып, ол туралы ұмытып кеттім. Бірнеше айдан соң ол бүкіл әлемге әйгілі болып кетті».
«Roses» әнінің шыққанына төрт жыл болғанда Иманбектің ремиксі халықаралық хитке айналды. Қазір оның трегі «Roses» Billboard Hot 100 америкалық хит-парадында 5-ші және Ұлыбританияда 1-ші орында тұр.
Өткен жылдың тамыз айының соңында Қазақстан азаматы ресейлік Effective Records лейблімен келісім жасады. Кейінірек ол ремиксін ресми түрде сингл ретінде шығару үшін Saint Jhn-мен келісті.
Иманбек пен Saint Jhn жеке кездеседі.
Продюсердің айтуынша, қазір олар Instagram-да Direct арқылы сөйлесіп тұрады.