Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Рио Олимпиадасының ақтық сынында кездескен қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың даулы жекпе-жегіне қатысты өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Левит пен Тищенконың финалдық жекпе-жегінің барлық қазылары шеттетілді. Бұл болып көрмеген жағдай. Біздің боксшымыз негізінде Олимпиада чемпионы болып танылды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, ақтық кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3-0 есебімен жеңді деп тапқан еді. Кейін бұл жекпе-жек турасында халықаралық дау туындап, бокс әлемінің мамандары шешімнің әділ болмағанын мәлімдеп жатты.