20 нау, 2019 сағат 11:22

Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беріп, "Алтын Жұлдыз" белгісін табыстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Менің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымындағы бірінші шешімім – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңға және «Мемлекеттік наградалар туралы» Заңға сәйкес тәуелсіз Қазақстанды орнатуға қосқан тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуға, Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген аса зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін", - деді Тоқаев. 

Осыдан кейін ол Назарбаевтың кеудесіне "Алтын Жұлдызды" тақты. 

Сонымен қатар, Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды және Тұңғыш Президентке арнап ескерткіш салуды, Қазақстан қалаларының орталық көшелеріне оның есімін беруді ұсынды.