Бүгін Дариға Назарбаева депутаттар арасында жасырын дауыс беру жолымен Сенат спикері болып сайланды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өз кезегінде, ол Сенат депутаттары мен қазақстандықтарға өзіне сенім білдіргені үшін ризашылығын айтты.
"Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, әріптестер, қымбатты қазақстандықтар! Ең алдымен, шын жүрегіммен маған сенім артқаныңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Тарихи бетбұрысты сәтте мен ел өмірінде Парламенттің рөлін өте жақсы түсінемін. Бар білімім мен білігімді еліміздің дамуына жұмсайтынымына сендіргім келеді. Біздің Елбасы қоғамды жаңғырту бойынша ауқымды міндеттер қойды", - деді Назарбаева сенат спикері болып сайланғаннан кейін.