05 жел, 2017 сағат 13:53

Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы Астанада алғашқы зияткерлік мектебі ашылды. Бес жылдың ішінде Зияткерлік мектептері еліміздің барлық өңірлерінде ашылған еді. Зияткерлік мектептерінде жоғары білікті педагогтар дәріс береді, мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектебінің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.  

Назарбаев Зияткерлік мектептері 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін балаларды оқуға қабылдайды. Оқу үш тілде жүргізіледі – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Мектептің екі негізгі бағыты бар – физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттар. Оқуға түсу үшін барлық балалар екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуге тиіс. Конкурсты өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат жыл сайын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында жарияланады.

Конкурстық іріктеу ережелері

Қазақ, орыс тілінде оқуға түсуге конкурсқа қатысу мынадай нысандарда жүрігзіледі:

сынып -  Зияткерлік мектепте оқуға дайындығын психологиялық-педагогикалық тексеру нысанында;

2-4 сынып – 4 пән бойынша білімін кешенді тексеру нысанында:

  • математика,
  • ағылшын тілі,
  • қазақ тілін/орыс тілін (оқыған тіліне байланысты),
  • дүниетану;

5-6 сынып – пәндер бойынша (математика, қазақ, орыс тілдері және ағылшын тілі)  білімін кешенді тексеру және математика бойынша жазбаша емтихан нысанында.

Қазақ тілін тереңдетіп оқыту әдісі бойынша білім беру бағдарламасын іске асыратын келесі сыныптарға  түсуге конкурсқа қатысу келесі нысандарда жүргізіледі:

сынып – Зияткерлік мектепте оқуға дайындығын психологиялық-педагогикалық тексеру және фонематикалық есту қабілетін анықтау үшін тыңдау нысанында;

2-3 сынып - пәндер бойынша (математика, қазақ тілі, дүниетану) білімін кешенді тексеру және фонематикалық есту қабілетін анықтау үшін тыңдау нысанында.

Конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі 

1 сыныпқа конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі 

Психологиялық-педагогикалық тексеру мынадай негізгі бағыттар бойынша 26 тапсырмадан тұрады:

  • қоршаған әлем туралы жалпы түсініктер– 8 тапсырма;
  • баланың зияткерлік даму деңгейін диагностикалау  – 7 тапсырма;
  • баланың жаратылыстану-математика ғылымдарын  оқуға  бейінін диагностикалау   – 7 тапсырма;
  • психикалық процестерді  диагностикалау  – 4 тапсырма.

Психологиялық-педагогикалық тексеруге 35 минут беріледі, конкурсқа қатысу үшін шекті деңгей  ең жоғары 36 балдан  кемінде 30 балды құрайды.

Қазақ тілін тереңдетіп оқыту білім беру бағдарламасын іске асыратын 1 сыныпқа оқуға түсіге үміткерлер үшін фонематикалық есту қабілетін анықтау үшін  тыңдау әр баламен жеке ауызша түрде жүргізіледі.  Фонематикалық  есту қабілетін анықтау үшін  тыңдау 4 тапсырмадан тұрады. Фонематикалық  есту қабілетін анықтау үшін  тыңдауды жүргізуге 5 минут беріледі, конкурсқа қатысу үшін шекті деңгей ең жоғары 4 балдан  кемінде 2 балды құрайды.  

Үміткерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері конкурс өткізілген күннен кейінгі күнде жарияланады және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында  және конкурс өткізілген ғимаратта орналастырылады.

2-4 сыныптарға конкурстық іріктеуді өткізу  тәртібі  

Зияткерлік мектептің 2-4 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу бір күн ішінде   математика, ағылшын тілі, қазақ тілі/орыс тілі (оқыған тіліне байланысты), дүниетану  пәндері  бойынша  білімдерін кешенді тексеру түрінде жүргізіледі.

Әр пән бойынша конкурстық тапсырмалар саны   – 10. Әр сұраққа дұрыс жауап бір балмен бағаланады, қате жауап – 0 балмен. 

Білімді кешенді тексеру тапсырмаларын орындауға 90 минут беріледі. 

2 – 4-сыныптарға қабылдану үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін шекті деңгей 30 және одан да көп балл құрайды.

Қазақ тілін тереңдетіп оқыту білім беру бағдарламасын іске асыратын 2-3 сыныптарда оқуға үміткерлерді  конкурстық іріктеу қазақ тілі, математика,  дүниетану  пәндері  бойынша  білімдерін кешенді тексеру нысанында және фонематикалық есту қабілетін анықтау үшін тыңдау түрінде жүргізіледі. Әр пән бойынша конкурстық тапсырмалар саны:

  • қазақ тілі - 10 тапсырма;
  • математика - 10 тапсырма;
  • дүниетану - 10 тапсырма;
  • фонематикалық есту қабілетін анықтау – 6 тапсырма.

Білімді кешенді тексеру тапсырмаларын орындауға 60 минут беріледі. 

5-6 сыныпқа конкурстық іріктеуді өткізу  тәртібі    

Зияткерлік мектептің 2-4 сыныптарында оқуға үміткерлерді  конкурстық іріктеу екі кезеңмен өткізіледі:  

Бңірінші кезең – математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша үміткерлердің білімін кешенді тексеру  комплексная проверка знаний претендентов по предметам: математика, казахский язык, русский и английский зыки. Әр пән бойынша конкурстық тапсырмалар саны - 15. Сұраққа дұрыс жауап  бір балмен, қате жауап – 0 балмен бағаланады.  Білімін тексеру уақыты  – 90 минут.  Екінші кезеңге бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша 30 және одан жоғары балдар алған үміткерлер  жіберіледі. 

Конкурстық іріктеудің  екінші кезеңі   конкурстық ірікктеудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланғаннан соң  екі күн өткен кейін жүргізіледі.   Екінші кезеңде математика бойынша жазбаша емтихан өткізіледі, үш деңгейлі күрделілігі (А, В, С) бар 5 тапсырмадан тұрады, бұл ретте:

  •   А  деңгейі– 2 тапсырма (әр тапсырманың ең жоғары бағасы – 5 балл);
  •   В  деңгейі– 1 тапсырма (тапсырманың ең жоғары бағасы – 6 балл);
  •   С деңгейі– 2 тапсырма (әр тапсырманың ең жоғары бағасы – 7 балл).

Жазбаша емтиханды өткізу уақыты– 90 минут.  Зияткерлік мектептің 5 – 6-сыныптарға оқуға қабылдануға қатысу үшін шекті деңгей 15 және одан да көп балл құрайды. 5-6 сыныпқа оқуға қабылдауға үміткерлерді конкурстық іріктеудің екінші кезеңінің нәтижелері конкурстық іріктеудің екінші кезеңін өткізгеннен кейін үш күн ішінде жарияланаады  және АББ интернет- ресурсында және конкурс өткізілген ғимаратта орналастырылады.  

7- сыныпқа конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі  

Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқуға қабылдауға үміткер оқушылар үшін конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады: пәндік тест және жаратылыстану-математикалық  ғылымдарын  зерделеу қабілетінбағалау жөніндегі тесті. Пәндік тест мынадай пәндер бойынша тестілік тапсырмалардан тұрады:  математика - 40 тапсырма, қазақ тілі – 20 тапсырма, орыс тілі – 20 тапсырма   және ағылшын тілі– 20 тапсырма. Жаратылыстану -математикалық  ғылымдарын  зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тесті мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. «Сандық сипаттамалар» - 60 тапсырма (цифрлармен жұмыс істеу ептілігін анықтауға арналған тест).
  2. «Кеңістіктік ойлау» - 74 тапсырма (абстарктылы-қисынды ойлау деңгейін анықтауға арналған тест).

Екі кешенді тестілеу тапсырмаларын орындауға  мынадай уақыт беріледі:  

  1. Пәндік тест тест - 180 минут, соның ішінде  математика – 60 минут, қазақ тілі – 40 минут, орыс  тілі – 40 минут  және қазақ тілі – 40 минут.
  2. Жаратылыстану -математикалық  ғылымдарын  зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тесті – 77 минут, соның ішінде «Сандық сипаттамалар» – 30 минут, «Кеңістіктік ойлау» – 47 минут.

Пәндік тест бойынша нәтижелер пәндер бойынша теңестірілген балдар түрінде шығарылады.  Пәндер бойынша жалпы  ең жоғары ықтимал  теңестірілген балл  1000 балды құрайды, соның ішінде:

  • математика – 400;
  • қазақ тілі – 200;
  • орыс тілі -200;
  • ағылшын тілі – 200.

Жаратылыстану -математикалық  ғылымдарын  зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тестінің ең жоғары ықтимал  баллы 134 балды құрайды, соның ішінде мынадай бөлімдер бойынша:

  • «Сандық сипатамалар» - 60;
  • «Кеңістіктік ойлау» - 74.

Конкурстың нәтижелері  соңғы кешенді тестілеу аяқталған соң 40 күнтізбелік күннен кейін жарияланады  және жұмыс органының интернет-ресурсында және кешенді тестілеу жүргізілген ғимаратта орналастырылады  

8-11 (12) сыныпқа конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі     

8-11 (12) сыныптарға оқуға қабылдауға үміткер оқушылар үшін конкурс екі кезеңнен тұрады.  Бірінші кезеңдеЗияткерлік мектептерінің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша кешенді тестілеу өткізіледі. Екінші кезеңге жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптардың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі..

Кешенді тестілеу:

  1. Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарында мына пәндер бойынша: физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
  2. Биология-химия бағыттағы зияткерлік мектебінің   8 сыныбында мына пәндер бойынша: математика, биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,   9-11(12) сыныптарында: химия, биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
  3. Астана қаласының зияткерлік мектебінің  8-11(12) сыныптарында мына пәндер бойынша: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Зияткерлік мектептердің 8-11(12) сыныптарына арналған  әр пән бойынша тестілік тапсырмалар саны  15 сұрақтан тұрады. Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарына арналған сұрақтардың жалпы саны– 75,   биология-химия бағыттағы зияткерлік мектебінің   8-11(12) сыныптарына арналған сұрақтардың жалпы саны - 75, Астана қаласының зияткерлік мектебінің  8-11(12) сыныптарына арналған сұрақтардың жалпы саны – 60 сұрақты құрайды.  Орындалған тапсырманың дұрыс жауабы бір балмен,  қате жауабы – 0 балмен бағаланады. Кешенді тестілеудің 60 сұрақтан тұратын тестілік тапсырмаларын орындауға  90 минут беріледі, 75 сұрақтан тұратын тапсырманы орындауға 112 минут беріледі.   

Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезең өткізілгеннен кейін екі күннен соң өткізіледі. Екінші кезеңде Зияткерлік мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі:

  1. Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарында –   физика мен математика бойынша.
  2. Биология-химия бағыттағы зияткерлік мектебінің   8 сыныбында –  математика  мен биология бойынша,   9-11 (12) сыныптарында –   химия мен биология бойынша.
  3. Астана қаласының зияткерлік мектебінің  8-11(12) сыныптарында –   математика бойынша.

Жазбаша жұмыс әр пән бойынша үш деңгейлі күрделілігі (А, В, С) бар 5 тапсырмадан тұрады, соның ішінде:

  • А деңгейі – оқу материалын білуді, түсінуді және түсіндіруді тексеруге арналған 2 тапсырмадан тұрады;
  • В деңгейі – нақты және жаңа жағдайларда білімді қолдана білуді тексеруге арналған 1 тапсырмадан тұрады;
  • деңгейі – орындау тәсілін таңдауды негіздей отырып және талдауды пайдаланып, білімнің интеграциясына арналған 2 тапсырмадан тұрады.

Жазбаша емтиханды орындауға әр пәнге 90 минут беріледі.

7 – 11 сыныптарда ақылы негізде оқу қарастырылмайды, осы сыныптардың барлық үміткерлері «Өркен» білім беру гранты бойынша оқиды. Егер оқушы «Өркен» грантының иесі болып, оқу жылының соңында үлгерім табелінде ең болмаса бір «нашар» бағасы болса, онда ол грантынан автоматтық түрде айырылады. Бұл ретте, грантты мектеп жыл сайын өткізетін конкурстан өту нәтижелері бойынша қайта алуға болады.

Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі 

Зияткерлік мектептің 1-6 сыныптарында оқуға үміткерлердің ата-аналары (заңды өкілдері) конкурстық іріктеуге қатысу үшін белгіленген мерзімде зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Нысан   бойынша өтініш.
  2. Нысан   бойынша толтырылған сауалнама.
  3. Заңды өкілдің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.
  4. Үміткердің  туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН, үміткердің жеке куәлігі  (болған жағдайда).
  5. Медициналық паспорттың көшірмесі.
  6. Үміткердің Зияткерлік мектебінде оқу алдындағы  соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты  жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек (екінші-алтыншы сыныптарда оқуға үміткерлер үшін).
  7. Үміткердің  3х4  үлгідегі фотосуреті -   2 дана.

Зияткерлік мектептің 7-11(12)   сыныптарында оқуға үміткерлердің ата-аналары (заңды өкілдері) конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер қабылдау комисссиясынаа мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Нысан   бойынша өтініш.
  2. Нысан   бойынша толтырылған сауалнама.
  3. Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі.
  4. 086/у нысанындағы медициналық  анықтама.
  5. Тұрғылықты мекенжайынан анықтама, немесе үміткердің тұрғылықты жерін растайтын өзге құжат.
  6. Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты  жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек.
  7. Үміткердің  3х4  үлгідегі фотосуреті  - 2 дана.