22 қаз, 2019 сағат 13:42

Назарбаев Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің шақыруымен император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысты.

Императорлық тақ мұрагерін ұлықтау рәсіміне 175-тен астам елдің өкілі келді.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасына қатысты. Жапон тарапы аталған шараға орай тиісінше дресс-код бекіткен еді. Делегация басшыларын қоса алғанда салтанатты шараның барлық қатысушылары «White Tie» дресс-коды бойынша киінуі тиіс болатын. Елбасы фракті бірінші рет киіп отырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев барлық уақытта мұндай деңгейдегі шараларда бекітілген дресс-кодты ұстанады», - деп жазды ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының Instagram-дағы парақшасында.