27 там, 2019 сағат 16:28

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған ел экономикасының одан әрі өсуін ынталандыру шаралары талқыланды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа инфляцияның қазіргі жағдайы мен елімізде несиелік-қаржылық саясатты жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.