Елбасы Түрік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Қазақстан Президенті Түркияның бізге жақын әрі ағайын елдердің бірі екенін атап өтті.
– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде біздің өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.
– Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, – деді Түркия Премьер-Министрінің орынбасары.