06 сәу, 2017 сағат 12:15

Назарбаев: Терроризм мен экстремизмнің ешқандай да шегі жоқ (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 12-кездесуіне келген делегация басшыларын қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті алғы сөзінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті алдында осындай шара өткізудің маңызды екенін айтып өтті.

"Біз Санкт-Петербургтегі оқиғаға байланысты Ресейдің барлық азаматына көңіл айтамыз. Бұл терроризм мен экстремизмнің ешқандай да шегінің жоқ екенін, қауіп-қатердің әлі де сақталып тұрғанын көрсетеді. Осыған байланысты мемлекет басшылары қауіпсіздік кеңесі хатшыларының жұмысына аса назар аударады", - деді Қазақстан Президенті.