Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында ежелгі достар өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.
Айта кетсек, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға барған болатын. Сапар барысында Елбасы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын барып, тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.