Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы екі конституциялық заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.
"Мемлекет басшысы сот жүйесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген тағы бір хабарламада.