Назарбаев ШЫҰ аймағында еркін сауда орталығын ашуды ұсынды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің көшбасшыларының қатысуымен саммит өтіп жатыр.
Қазақстан Президенті өз сөзінде ШЫҰ жұмысындағы басты бағыттарды атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ұйымы аясында экономикалық копперацияларды дамытуға аса назар аударды.
"Бұл үшін институционалдық мүмкіндіктер құрылып жатыр. Біріншіден, ШЫҰ аясында халықаралық автомобильді тасымалдау мәселесі шешілді. Екіншіден, өңірлік экономикалық сауда ынтымақтастығы Еуразиялық экономикалық одағының "Жібек жолы экономикалық белдеу" бағдарламасы бойынша іске асырылып жатыр. Осы бағытта Қазақстан "Нұрлы жол" және "Жібек жолы экономикалық белдеу" бағдарламаларын белсенді түрде іске асырып жатыр. Өзара сауда көлемі ШЫҰ аумағында еркін сауда аймағына себеп болады. Бұл жерде біздің елдер кезеңдеп алға жылжиды, сонымен қатар, экономикалық жағынан әсер ету жобаларын іске асырады", - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Астанада өтіп жатқан саммит қонақтарын қарсы ала отырып, Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалай құрылғанын еске алды. Биыл ШЫҰ-ға 16 жыл толады.
Айта кетейік, 8 маусымда ШЫҰ мүшелері ресми сапармен Қазақстанға келген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев олардың кейбіреулерімен жеке кездесіп үлгерді. Сол күні кешкі уақытта қонақтар "Астана Опера" театрына Шанхай ынтымақтастық ұйымының көшбасшылармен отырыс өткізуге арналған концертке шақырылды.
Осы кездесудің негізгі мақсаты - Үндістан мен Пәкістанның осы ұйымға кіруі. Олар Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі болады. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жақында осы елдердің премьер-министрлерімен кездескен болатын. Қазақстан Президенті Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға кіру процесі осыдан 12 жыл бұрын басталғанын айтып өткен еді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының 17-ші Кеңесінде бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған. Мемлекет басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы іс-қимыл Конвенциясы қабылданады. Жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады.
Келіссөздер кеңейтілген құрамда да, жеке құрамда да өтеді делінеді. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының ШЫҰ жағдайына баға беріп, міндеттерді бекітіп, ұйымның даму перспективаларын анықтайды.
Ал кешке жақын саммиттің барлық қатысушысы EXPO-2017 халықаралық көрменің ашылу салтанатының қонақтары болады.