9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауда азаматтарымыз дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Елбасы алдағы кезектен тыс президенттік сайлау өтетін тарихи кезеңде халқымыз береке-бірлік танытатындығына сенетіндігін айтты. Жаңа басшылық халық сеніміне ие болып, елімізді белгіленген стратегиялық бағытта алға жетелейтінін атап өтті.
«Егер сайлаушылар «Nur Otan» партиясының кандидатына қолдау білдірсе, бағыт-бағдарымыздың дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдегеніміз болып табылады. Азаматтарымыз дұрыс таңдау жасайды деп кәміл сенемін. Алдағы науқанға қатысушылардың барлығын сайлау заңнамасын және саяси бәсекенің негізгі қағидаттар мен ережелерін сақтауға шақырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.