Мемлекет басшысы «Азия-Еуропа» (АСЕМ) форумының XII саммитіне қатысу үшін Брюссель қаласына келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі бірқатар екі жақты келіссөздер өткізіп, Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездеседі.
Бұдан бұрын Брюссель қаласында 18-19 қазанда «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Королі Филиппен екіжақты кездесуі өтетіндігі хабарланған болатын.