30 мам, 2017 сағат 15:50

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер туралы пікір алмасты.

Сириядағы жағдай мен Астанада алдағы күндері өтетін сирияаралық келіссөздер кестесі жөнінде де арнайы әңгіме болды.      

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болған.